ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ӨЗГЕРІСТІ ҚОЛДАЙДЫ

0
288

Конституцияға ұсынылған барлық түзетулерге қатысты шешімді қазақстандықтар қабылдайды. 2 күннен кейін халық өз таңдауын жасайды.

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібінде еліміздегі үлкен саяси оқиға – Референдум өткізу және оған белсене түрде қатысу мәселесі талқыланды.

Ата Заңымызға өзгертулер енгізу туралы Президенттің жарлығы шыққан күннен бастап еліміздің барлық өңірінде референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру топ құрылып, жұмысын бастап кетті. БАҚ-тың барлық түрлерінде ұсынылатын түзетулер кеңінен түсіндіріліп келеді. Сондай-ақ референдумға арналған арнайы айдарлар мен хэштегтер ашылды. Еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістердің мәні түсінікті тілде жеткізетін көрнекі жадынамаларды, графикалық өнімдерді шығару және көбейту қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізуге қатысты республикалық референдум өткізу бүкіл халықтың еркі мен пікірін білдіруіне мүмкіндік беретін бірден-бір жол. Сондықтан осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, баршаңызды референдумға қатысып, өз дауысыңызға жауакершілік танытып, еліміздің ертеңін бірге құруға шақырамын.