КЕРЕҒАР АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ЗИЯНЫ

0
726

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің
Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімі ұйымдастыруымен жастардың діни танымдығы арттыру мақсатында кездесу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерге экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу және жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.

Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Жолдасқызы Аружан және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері қатысты .

Кездесу барысында «Кереғар ағымдардың қоғамға зияны» осы аталған тақырып бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп, студенттер тарапынан сұрақтар қойылып толыққанды жауап алды.