«Ақниет» ҚҚ өкілі радикалды идеология жайында лекция оқыды

0
440

Түркістан облысы «Ақниет» ақпараттық-насихаттық және оңалту орталығының теологы Айтаев Икрам Сатыбалдыұлымен кездесу өтті. Танымал теолог Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам елді мекені, «Бірлік» жалпы орта мектебінің директоры Елеубаев Нұрғали ағайдың ұйымдастыруымен мектеп оқушыларымен кездесуге мүмкіндік алды.Жастар алдында сөз алған білікті дінтанушы бүгінгінің басты мәселесі болып отырған жат ағымдардың себеп-салдары жайында, теріс пиғылды діни ағымдар мен дәстүрлі діннің ара-жігін ажырата білу керектігін түсіндірді. Сонымен бірге жастардың кемел болашақтың кепілі екенін айта келе, жас буынның көзі қарақты, ойы толысқан болуы әсте маңызды екенін айтты. Жастарға екі дүниенің сұлтаны — Пайғамбарымыздың (ﷺ) өмірінен мысал келтіре отыра, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін тілге тиек етті.Аталмыш кездесуге мектептің педагог-психологы Байдаулет Гүлстан мен осы жиынның басы қасында жүрген мектептің тарих және дінтанушы Жарқынбек Талғат ағай қатысып, теолог маманға алғыстарын білдірді. Жастар дін өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=361578872655607&id=100064104919326«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.