НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ, МАСКҮНЕМДІКТІҢ ЖƏНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
521

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы сала мамандарымен кездесу өтті.Кездесудің мақсаты — нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың алдын алу.Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Карбеков, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Абуталиев Ержан, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Саматаева Гульнар Ергазиевна және Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің оқырмандарының қатысуымен өтті. Кездесуде сала мамандары нашақорлықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында толыққанды ақпараттар беріп, жаман әдеттерден аулық болып жақсы істермен айналысуға шақырды. Сонымен қатар, арнайы сала мамандары баяндама əзірлеп, студент жастардың сұрақтарына жауап беріп, еркін пікір алмасты.