Шетелде діни оқудың қауіпті тұстары

0
1087

Жақсы білім — бұл әрқайсымызға жақсы жұмыс пен жоғары табыс табу үшін қажет негіз. Отандық білім беру деңгейі әлемдегі ең жоғары деңгейден алыс және шетелде білім алудан айтарлықтай артықшылықтары бар. Содан болар, қазіргі таңда елдегі көптеген жастар шетелде діни бағытта білім алуға құштар.

Соңғы уақыттарда Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы мен Түркия Республикасындағы «Хасеки», Мысыр Араб Республикасындағы «Аль-Азхар» университеттерімен бірлескен меморандум жасалған. Меморандумның мақсаты еліміздегі дәстүрлі дін деп танылған Ханафи мәзһабы мен Матуриди ақидасы негізінде білімді шыңдау.

Аталған жоғарғы оқу орындарына түсу талаптары отандық діни оқу орындарын бітіруі, араб тілін жетік білуі және күмәнді діни ағымдардың жетегінде кетпейтін иммунитет болуы тиіс.

Шетелде білім алу тәжірибелі болу, ол біздің өмірізді жақсы жаққа өзгертуге және бәсекелестік өте жоғары әлемде артықшылыққа ие болуға көмектеседі. Ерте жастан бастап шетелде оқу керемет, беделді және қызықты болып көрініп жатады. Бірақ шетелде білім алудың артықшылықтарымен бірге кемшіліктері де бар екенін ұмытпаңыз!

Оқу барысында сіз біраз уақыт өмір сүретін және сөйлесетін көптеген жаңа таныстарды кездестіресіз. Жаңа достарыңыз, серіктестеріңіз немесе болашақ әріптестеріңіз болады. Бұл сіздің психологиялық жағдайыңызға оң әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар, сіздің өміріңіздің кез-келген сәтінде пайдалы болуы да мүмкін.

Шетелге шығу кезінде қазақстандық жастар тап болуы ықтимал төмендегідей қауіп-қатерлерге ерекше назар аударған жөн:

Біріншіден, сол білім алуға барған елде немесе оқу ордасында жат діннің ықпалына түсу қаупі. Әдетте, адам мұндай келеңсіздіктерге аты беймәлім ұйымдар, бауырластық, достық атын жамылған түрлі діни қауымдастықтар мен сенімсіз сауат ашу орталықтары тарапынан қаржылай көмек алатын түрлі шет тілдерін үйрету орталықтарына қатысу, мемлекет бақылауынан тыс ғибадат ету орындарын аралау, сенімсіз дін лидерлерінің жеке сабақтары мен дәрістерін тыңдау кезінде тап болуы мүмкін.

Екіншіден, балаңыз шетелде діни білім алатын болса, онда ата-ана баласының қандай діни мекемеде немесе діни орталықта оқып жатқанын білуі керек.  Мүмкіндігінше жиі бақылауда ұстап, балаларының ресми медреселер мен жоғары оқу орындары қабырғасында оқып жатқанын анықтағаны жөн. Сондай-ақ, сенімсіз сауат ашу орталықтарына байқамай түсіп кетпеуін де жіті қадағалап отырғаны абзал. Сондай-ақ, балаларының бос уақытын қалай және кіммен өткізетіні де маңызды.

Үшіншіден, ата-аналар мен жастар шетелдің кейбір діни ұйымдары аттарын әртүрлі зайырлы немесе ресми атаулармен жасыратынын білулері керек. Мысалға, ағылшын немесе араб тілдерін, бизнес жүргізу негіздерін тегін үйрету курстары, өзін өзі дамыту, танымал психология, шешендік өнер курстарының тасасында шетелдік азаматтарды арбаумен айналысатын деструктивті ұйымдар тұруы мүмкін.

Қазақ тарихында алыс жерлерден діни білім алу қазақ діни дүниетанымындағы көп кездесетін оқиғаның бірі десек қателеспейміз. Соның ішінде, түркі әлемі қасиет тұтатын Самарқанд, Бұхара, Ташкент, Қоқан, Хиуа, бертін келе, Қазан, Орынбор, Троицк сияқты қалалардағы академиялық мектеп-медреселерді тамамдап, қазақты аузына қаратқан Мәшһүр Жүсіп, Ғұмар Қараштай сияқты зиялылар қаншама?! Көріп отырғанымыздай, қазақ үшін ғылыми, мәдени орталықтардан білім алу әрқашан маңызды және жауапты дүние болған. Шетелде діни тәлім алу тәуелсіздік жылдарынан бергі уақытта да қайта жаңғырды. Шетелде діни білім алуға құштарлық танытушы отандастарымыздың саны жыл санап артып келеді. Десе де, шетелдерде діни білім алудан бұрын өз елімізде діни білімімізді қалыптастырып, ақ – қараны ажыратып алатындай деңгейде болған абзалырақ.

Қорытындылай келе, «дін ұстай алсаң – қасиетің, ұстай – алмасаң қасіретің» дей келе, дінтану, исламтану және теологиялық білім аламын, білімімді жетілдіремін деген дінге қызығушы жас ұрпақты шетел аспай-ақ еліміздегі дінтану және исламтану орталықтарынан білім алуға шақырар едік.

Гүлбану Қуандық,
АТТ мүшесі, дінтанушы