«АСТАНА» МЕДРЕСЕСІ 13-ШІ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАДЫ

0
599

Елордадағы «Астана» медресе-колледжінде 2021-2022 оқу жылы қорытындыланып, білім ордасының 13-ші түлектеріне диплом табысталды.

Салтанатты рәсімге ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы арнайы қатысып, бітіруші түлектерге жылы лебізін арнады.

Биыл «Астана» медресесін 21 шәкірт тәмәмдаса, солардың 6-уы қызыл дипломға бітіріп отыр. Сондай-ақ Түркия Республикасының Хасеки академияиясына грантпен оқуға жолдама алған Бегумгужин Ермахан мен Әбділ Талғатқа, IV Республикалық медресеаралық олимпиадада фиқһ пәнінен ерекше көзге түсіп жеңімпаз атанған  Толтай Айдосқа да сертификат табыстады.