Мамандар сотталғандармен сұхбат өткізді

0
455

ЗК-169/1 тергеу изоляторына Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Алматы қаласы Дінтану орталығы директорының орынбасары, дінтану ғылымдарының РҺD докторы Шығарбай Алмасбек Дүйсенбекұлы мен Қызылорда облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ аға теолог маманы Оспанов Бақтияр келіп, экстремизм және тероризм баптары бойынша сотталған азаматтарымен сұхбат өткізді.

Әңгіме барысында сотталғандармен Қазақстан тарихы, Кенесары ханның ұлтжандылыққа баулу мақсатындағы ерліктері, қазақ даласындағы мешіт-медреселердің орны, жиһад ұғымы және Кенесарының жиһады т.б тақырыптар төңірегінде баяндап берді.

– Біздің мақсатымыз – терроризм және діни экстремизм идеялары мен деструктивті діни ағымдар іс-әрекетінің алдын алу және әртүрлі діни көзқарастағы сотталғандарға теологиялық кеңес беру, түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізу. Оңалту жұмыстары барысында қағынан жерініп, өзінің дәстүрлі мәдениетін жатсынып, салтын жатырқағандарға дініміз мен дәстүріміздің арасында сәулелі сабақтастық бар екенін түсіндірдік. Адасушы ағымдар жетегіне көбіне білімі таяз адамдар ілігуде. Сондықтан біз олардың тарихи танымын арттыру бағытында да біраз мағлұматтар айтып жеткіздік, – деді дінтану ғылымдарының РҺD докторы Шығарбай Алмасбек Дүйсенбекұлы.