«Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық шарасы өтті

0
517

Алматы қаласы Түрксіб аудандық «Фирали Ферғанұлы» мешітінің бас имамы Ержан Үсенханұлы 50 отбасына азық-түлік қоржынын үлестірді. Жақсылықта жарысуда жамағат бірлігі мен көмекке мұқтаж жандарға әрдайым қол ұшын беруді әдетке айналдыраған дін қызметкерлері күнделікті тұтынатын азық-түлікті көп балалы аналарға таратты. Мешіттің бұл игі қадамдарына риза болған аналар қауымы ұжымға аналық алғыстарын жаудырып, қайырымдылық шарасына атсалысқан барша дін қызметкерлеріне ыстық ықыласы мен ризашылығын білдірді.