Жергілікті полиция қызметі басқармасында кездесу өтті

0
567

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Патрульдік полиция полкінің мәжіліс залында Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ермахан Әділханұлы Абдраманов төрағалық еткен кезекті жиын өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласы, «А.Сманов» атындағы мешіттің бас имамы Б.Шотабеков қатысты.
Жалпы күн тәртібінде жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының талаптарын бұзбау туралы толығырақ талқыланды.

Шымкент орталық мешіт баспасөз қызметі