Діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді

0
424

Деструктивті діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz. ІІМ, Алматы қаласы және Қарағанды ​​облысы бойынша ПД және ҰҚКД қызметкерлерінің келісілген бірлескен жұмысының нәтижесінде 15 тамызда кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен, республикалық іздеуде жүрген, “Таблиги Джамаат” діни-экстремистік ұйымын ұстанушы, Теміртау қаласының тұрғыны, 51 жастағы А. есімді азамат ұсталды. Қаскөй ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынып жүрген. Әрі қарай қылмыстық шешім шығару үшін ол Қарағанды ​​облысының уәкілетті органдарына берілетін болады.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Діни ағымды ұстанушы педофил деген күдікке ілінді | Қазақстандағы Ислам