Ақтөбе: ҚМДБ құжаттары насихатталды

0
626

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «ҚМДБ қабылдаған концептуалды құжаттарды Ақтөбе имамдарына түсіндіру» тақырыбында семинар өтті.

Жиынға қала, аудан, ауыл имамдары мен ұстаздар, жалпы 90 адам қатысты. Семинарда облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Жеті рухани қазық» ҚМДБ рухани тұғырнамасы», «Діни лауазымдар тізілімі» тақырыбында, облыстық мешіттің наиб имамдары Алмат Әли, Мұхаммедисмаил Шадман, Нұрбол Смағұлов және Абзал Медетбеков «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «Ас беру мәдениеті», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Зияткер имам» тұжырымдамасы, «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Зират және зиярат мәдениеті» тақырыбы аясына жіті тоқталып, дәрістер өтті.

Семинар барысында мүфтият жұмысы мен имамдардың қызметін жетілдіруге және жамағат арасында Ислам құндылықтары бен ата-бабамыз ұстанған салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған концептуалды құжаттардың маңызды аталды. Сонымен қатар Ақтөбе өкілдігінде бүгінге дейін тұғырнаманы насихаттау барысында семинарлар мен сайыстар өткені баяндалды. Сондай-ақ бұл бастама өзге аудандарда да жалғасын табатыны айтылды.