Дін істері комитеті «SCRUM» жобасын бастады

0
368

Орталық мемлекеттік органдарының арасынан бірінші болып ҚР АҚДМ Дін істері комитеті жергілікті атқарушы органдармен «SCRUM» тәсілі арқылы әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында «Әдістемелік спринт айлығы» арнайы оқыту жобасын бастады. «SCRUM» – шағын жетістіктер арқылы үлкен мақсаттарға жетуді көздейтін жобалық басқару тәсілі. Жоба барысында жергілікті мамандар дін саласы бойынша қазіргі ақпараттық басымдықтарға қатысты алда тұрған міндеттерге жетудің жолдарын жүйелеуді, нәтижесінде қысқа мерзімдік жобалық басқаруды меңгереді. Бұл өз кезегінде өңірлердегі сала мамандары қызметінің тиімділігін арттыруға көмектеседі деп күтілуде. Оқу ZOOM платформасы арқылы еліміздің барлық өңірлерінде 2022 ж. 20 қыркүйек – 26 қазан аралығында өтеді. Ұйымдастырушы: ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің Интернет кеңестікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасы.