Көне кітап оқудан байқау өтті

0
443

Бүгін, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Сайрам» мешіті жанындағы «Қарашаш ана» қайырымдылық мекемесінің ұйытқы болуымен   «Кітап – өмір жырағы» атты кітап оқудан арнайы байқау ұйымдастырылды.

Байқау «Ибадатул исламия» атты көне түрки түрінде жазылған кітап бойынша өткізілді.  Бір жыл бойынша аталмыш кітапты толық оқып жыққан 11 шәкірттер қыздар кітап сайысты. Байқау талабы бойынша сұрақ-жауап түрінде өткізіліп,  үздік шыққан шәкірттерге сый-құрмет көрсетілді. Ал айтулы шараны «Сайрам» мешітінің бас имамы салахиддин Мұхиддинов бастаған мешіт имамдары төрелік етіп, әділ бағаларын берді.

          1-орын:  Мирахматова Фарангиз

          2-орын : Алимова Барно

          3-орын: Закиржанова Мадина

Марапаттау шарасы барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының алғыс хаты мен қаржылай сертификаты табыс етілді. Сондай-ақ,  үздік орын иегері Мирахматова Фарангизға ұмра қажылық жолдасы табысталды. Марапат құтты болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі