
Күллі қазақ халқының ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіздік туы, көк аспанда 1991 жылы тұңғыш рет қалықтады. Бұл ХХ ғасырдың І жартысындағы Алаш зиялыларының тәуелсіздік үшін төккен тері, аққан қанының өтемі екендігі және мұны болашақ ұрпақ мәңгі жадында сақтауға, қадірін білуге міндетті болуы тиіс.
Алаш – қазақ қоғамы тәжірибесіндегі жаңару мен серпілудің, білім – ғылым мен ізденістің, адалдық пен тәуекелшілдіктің жарқын беті.
Сонымен, қоғамда Алаш ұғымы құндылық ретінде орныға бастады. Ол елдік, тұтастық, бірлік, айбарлық деген бірнеше мәнді жинақтайды. ішінде «Алаш – алаш болып, Алаша хан болғанда», «алты алаш», «алты сан алаш», «алаш маңы» секілді тұрақты тіркестер ежелден айтылатын. Сондай-ақ, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» деген нақыл ұстаным бар болыпты. Бұдан шығатын қортынды, Алаш – бұрын қазақ ұлтын жинақтайтын және серпілтетін сөз әрі қазақ этнонимінің синонимі.
Ал Алаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік – экономикалық, қоғамдық – саяси және рухани –мәдени өзгерістердің нәтижесінде келді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы дәл осы салада Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, яғни ХХ ғасырдың қасіреттерін қаперімізде сақтап, одан сабақ алу жолдарын айқындайды. Сондақтан, Алаш көсемдерінің жүріп өткен жолдарын жас ұрпаққа жеткізіп, ұлт жандылықтың қайнары қандай болатындығы, елдіктің еңсесін тіктеуде азаматтың бойындағы асыл қасиеттерді көрсету және салыс басылған қадамдардан сабақ алу, сол арқылы болашаққа бағдар жасау. Қылышынан қан тамып тұрған Ресей империясымен күрес қазақ ұлты үшін оңайға соққан жоқ.
Атам қазақтың ғасырлар бойы армандаған, Алаш орда ұйымы да алдына қойған киелі арманын нақты шындыққа айналдыру жөніндегі ұлттық ұлы миссияның көшбасшылары бола білді. Елбасының дана басшылығымен Егеменді еліміздің Көк байрағы әлемде тұңғыш рет желбіреді. Желбіреп тұр.
Осындай ата – бабаларымыздың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері, істері, ұрандары – бүгінгі ұрпаққа үлгі һәм аманат. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызды баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз қажет. Ал бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің ата рухы алдында адалдығымызбен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету, құрмет көрсету. Ал құрметтеудің көкесі – Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру.
Тәуелсіздік – мыңдаған жылда бір келетін бақ. Тәуелсіздік – жаңаша көзқарас пен айрықша серпілістің бастауы, арғы заманнан жеткен «мәңгі ел» мұратының жалғасы. Бостандық үшін күрескен бодан күнмен, азаттықтың баяндылығы үшін тер төккен бүгінгі күннің тарихы. Сол тарихтың алауы, жарқын кезеңі – Алаш тарихы. Бұлай деу – ақылға да сыйымды, шындыққада сәйкес.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1997 жылы Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жариялады. Осыған орай тарихымыздың көлеңке беттері қайтадан ашылып, елеусіз, ескерусіз келген халқымыздың біртуар азаматтарының көптеген еңбектері жөнінде біле бастадық. Олардың еңбектері көп зерттеуді қажет етеді. Ал біздің шарықтап көкке желбіреткен еліміздің тарихы тереңде жатыр. Тарихқа үңілмей, болашаққа жол тарту мүмкін емес. Қазіргі осы күнге жету үшін қандай бұралаңдаған жолдар өткенін білу жас ұрпақтың міндеті деп білемін.
Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдерде, алмағайып замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жанын қиған да осы Алаш арыстары болды. Әсіресе, ұлттық тәуелсіздік үшін күресте олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе қосып, ел санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды.
Дінтанушы
Шегирбаев Улан







