Қаңтар оқиғасы: 1 520 адамға рақымшылық жасалуы мүмкін

0
471

Алдағы уақытта Парламент Мәжілісінің депутаттары «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасын талқылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Заң жобасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. «Заң жобасының мақсаты – Қазақстан аумағында 2022 жылғы 4-7 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату немесе сот тағайындаған жазаның мерзімін қысқарту. Құжат азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасаған адамдарға мемлекет пен қоғам жағынан мейірімділік және ізгілік актісі болып отыр», – деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық комитетінің төрағасы Арман Қожахметов палатаның жалпы отырысында. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасалатынын айтты. Осы орайда, 1 520 адамға рақымшылық жасалуы мүмкін.