«Halal EXPO-2022» көрмесі аясында кәсіпкерлерге семинар ұйымдастырылды | Қазақстандағы Ислам

0
426

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы, «Халал Даму» мекемесінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өтіп жатқан халықаралық «Halal EXPO-2022» көрмесі аясында кәсіпкерлерге арналған семинар ұйымдастырылды. Халал индустриясына ықпал етуші негізгі алаңның бірі саналатын шараға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, «Зекет» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев және технолог мамандар қатысып, халал кәсіпкерлік пен адал сауда, халал стандарттау және сертификаттау мәселелерін талқылады. «Халал  – ел экономикасы мен Ислам әлемі үшін маңызды бағыттардың бірі десек, қателеспейміз. Құлшылықтың өзегін халал құрайды.  Әлемде халал өнімге деген сұраныс күн санап артып келеді. Халықаралық экономикалық қатынастарды нығайту, халал индустриясын қолдау мақсатында «HALAL EXPO 2022» көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шара сауда нарығындағы жаңа бағыттарға жол ашады деп сенеміз», – деген Айбек Асқарбекұлы халал сертификаттау және стандарттауға қатысты өзекті мәселерді қозғап, қатысушылар назарына ұсынды. Сонымен қатар өзге де мамандар халал жөнінде кеңінен ақпарат беріп, кәсіпкерлер сұрақтарына жауап берді. Айта кетейік, шетелдік және отандық халал кәсіпорындардың қатысуымен ұйымдастырылып жатқан халықаралық көрме бүгін кешке дейін жалғасады.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: «Halal EXPO-2022» көрмесі аясында кәсіпкерлерге семинар ұйымдастырылды | Қазақстандағы Ислам