ШЫМКЕНТТЕ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ БАЛАЛАР ҮШІН АРНАЙЫ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНДА ӨТТІ

0
415

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы Исамиддин баба мешіті Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған айы Мәуліт мерекесіне орай 6-10 жас аралығындағы балаларға “Пайғамбарымды танығым келеді” атты танымдық мерекесін өткізді.
Аталмыш мереке Шымкент қаласының «Жасөспірімдер және қуыршақ» театрында өтті.
Игі шараға қаламыздан 90-ға жуық балалар қатысты.  Оларға Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірі жайлы бейнекөріністер, сүйікті істері, ұнататын тағамдары жайлы мәліметтер берілді. Сонымен қатар балалар ат шабу, садақ ату ойындарын ойнап, өзара салауат айтып жарысты.
Оза шауып, ептілік танытқан бүлдіршіндерге және барша кішкентай көрермендерге сый-сыяпаттар табыс етілді.
Осы игі шараға үлесін қосқан демеушілерге, ұйымдастырған ұстаздарға және Исамиддин баба мешітінің жанынан ашылған @sakina_club қыз-келіншектер даму клубының мүшелеріне алғысымызды білдіре отырып, Раббымыздан екі өмірлері үшін де береке тілейміз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі