«Айқап» мешіті, әйел-қыздар бөлімі: «Пайғамбарға (с.ғ.с) сағыныш» атты мәуліт кешін өткізді

0
382

Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Айқап мешіті Әйел-қыздар бөлімінің ұйымдастыруымен ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (صل الله عليه وسلم) құрметіне «Millionire»  мейрамханасында мәуліт кешін өткізді.
Қасиетті Құранның оқылуымен басталған бұл кеш келушілерге рухани жаңғыру болды.
Кеште мол берекелі дастархан басында отырған қонақтар пайғамбар (صل الله عليه وسلم) ғашықтары болған сахабалардың өмірінен үзінділерді тамашалап, иләһи әндер мен мәуліт жырын тыңдап имани сусындады.
Сонымен қатар сүннетті ұстану жайлы монологтар оқылды, тәрбиелік мәні зор бейнеклип көрсетілді. Ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды.
Ең үлкен тосын сыйды мешіт демеушілерінің қолдауымен осы мешіттің екі ұстазына жасалды. Екі ұстазға Умра сапарына жолдама берілді.
Келген қонақтардың барлығына Пайғамбарымыздың (صل الله عليه وسلم) өмір баяны жайлы кітап сыйлыққа таратылды.
Келген қонақтар өткен кештің әсерінен көз жастарын төгіп, жылы лебіздерімен бөлісті.
Осындай рухани бай кештің өтуіне себепкер болған демеушілерге,  ұйымдастырған ұстаздарға,  қатысып өз өнерлерін салған шәкірттерге Алланың нұры жаусын деп тілейміз.