Англияда христиандар азайып, мұсылмандар көбейген

0
402
People wearing protective face masks walk over Westminster Bridge in front of the Elizabeth Tower, more commonly known as Big Ben, in London, Britain, December 15, 2021. REUTERS/Henry Nicholls

Кеше Англия мен Уэльсте соңғы халық санағының нәтижелері жарияланды. Жаңа мәліметтерге қарағанда бұл елдерде өздерін христиан деп есептейтін адамдар қатары халықтың жартысына да жетпей қалды. 2021 жылы өткен халық санағының нәтижесіне қарағанда Англия мен Уэльсте христиандар 27,5 миллион адамды немесе 46,2 пайызды құрады. Бұл 2011 жылғы халық санағынан 13,1 пайызға аз. Екінші орында – дін ұстанбайтындар. Олар 22,2 миллион адамды немесе 37,2 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткіш он жыл бұрынғы санақ нәтижесінен 12 пайызға көп болып шықты. Үшінші орында – мұсылмандар. Англия мен Уэльстің ислам дінін ұстанатын тұрғындарының саны 3,9 миллион адамды немесе 6,5 пайызды құрап, 4,9 пайызға өскенін көрсетеді. Бұлардан бөлек, индуистер (1 млн), сикхтер (524 мың адам), буддистер (273 мың адам) және еврейлер (271 мың адам) бар. Шотландия мен Солтүстік Ирландиядағы халық санағының нәтижелері бөлек жарияланбақ. Айта кетсек, жуырда Ұлыбританияның премьер-министрі болып тұңғыш рет индуист Риши Сунак тағайындалған болатын.