Бүгінде елімізде түрлі псевдодіни ағымдар мен секталар жұмыс істеп жатқаны шындық. Олардың барлығының басты мақсаты – қалайда өздері секілді адасушылардың санын көбейту. Қарапайым адамдарды өз қатарына тартуға машықтанғандарды топтастырған түрде арбаушылар деп атауға болады. Олардың басты ерекшелігі адамның психо-физиологиялық болмысын жақсы меңгергендігінде. Осы білімдерін теріс мақсатта пайдаланып, кісінің әлсіз тұстарын, не...