«Инабат» қыз-келіншектер клубының жұмысы жандана түсті

0
388

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Инабат» қыз-келіншектер клубы жаңа буынды қабылдап, жұмысын жандандыра түсті.

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Астана қаласы бойынша жетекшісі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Зарина Шамидуллақызы жаңадан қабылданған шәкірттер арасынан жас буынды жинады. Жиында «Инабат» клубының жұмысымен таныстырып, рухани дәріс өткізді. Алғашқы рухани сабақта жиналған шәкірттер өздерін таныстырып, клуб жұмысын жаңғыртуға қатысты ой-пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, Зарина ұстаздың арнайы дайындауымен бейнеролик көрсетіліп, сыйлықтар берілді.

Алдағы уақытта ресми түрде «Инабат» қыз-келіншектер клубына шәкірттерді қабылдау салтанатын өткізу жоспарлануда.