Ауғанстан: Журналистерді ұлықтау жиынында 7 адам қаза тапты

0
172

Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласындағы «Тебиян» мәдениет орталығындағы журналистерді ұлықтау жиынында жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. TOLOnews жергілікті басылым таратқан ақпаратқа сүйенсек, жарылғыш құрылғыны жанкешті іске қосқан. Жараланғандардың арасында балалар да бар. Мазари-Шарифтегі Табьян мәдениет орталығында жарылыс болды. Өкінішке қарай, бес журналист пен үш бала жараланды. Жаралылардың жағдайы қанағаттанарлық, – деді Балха қауіпсіздік қызметінің өкілі Мохаммад Асиф Вазири. Терактіден 7 адам қаза тауып, 14 адам жараланғаны айтылуда. Журналистерге арналған іс-шараға жергілікті шенеуніктер, дін қызметкерлері мен журналистердің өздері жиналған. Ауғанстан басылымының өкілдері әріптестерін шабуылдан қорғап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Жарылысты бірде-бір ұйым мойнына алған жоқ.