6000 жанға ауызашар дастарханы жайылды

0
575

Бүгін  Шымкент орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан ел ағалары мен зиялы қауым өкілдеріне арнайы «Рамазан шатыры» атты ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.

Игі шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, қалалық дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев,  ҚМДБ Республикалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар қажы Әміре, елге  белгілі ақын Біржан Байтуов, Нұрлан Есенқұлов сынды елге белгілі азаматтар қатысты.  

Берекелі шараны найб имам Мұхамеджан Естеміров ашып,  жүргізді. Айтулы шара барысында шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  сәлемін жеткізіп, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеттері туралы уағыз айтты. Осыдан кейін, ҚМДБ Республикалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар қажы Әміре дін мен дәстүр және ұрпақ тәрбиесі жөнінде уағыз жүргізді.

Айта кетсек,  бүгін шаһардағы 45 мешітте өткен ауызашар рәсіміне 6000 жанға ауызашар дастарханы жайылды. Қаржылай қолдау білдірген жандарға Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі