Мәдина – әлемдегі ең қауіпсіз қала

0
376

Саяхаттарды сақтандыру саласындағы жетекші компаниялардың бірі InsureMyTrip әлемдегі қауіпсіз қалалар мен елдердің рейтингін жариялады. Ол үшін компания мамандары 65 қаладағы демалу құнын, қауіпсіздігін, гендерлік теңдікті, сондай-ақ демалыс және ойын-сауық орындарының қолжетімділігін бағалады. Бұл тұрғыда ислам елдері ең үздік деп танылды. Олар – Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері. Ал ең қауіпсіз қала ретінде Мәдина шахары танылды. Ол әйелдерге шабуыл жасалмайтын және түнде жүру қауіпсіз мекен ретінде максималды 10 баллдан 9,3 балл алды. Ал жалпы параметрлер бойынша Дубай қаласы үздік деп танылды. Әлемдегі ең қауіпті қалалар: Оңтүстік Африка Республикасының Йоханесбург, Малайзияның Куала-Лумпур және Франция астанасы Париж шахарлары.