Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды тұрақты, бірақ дәстүрлі діни ағымдар мен конфессияаралық келісімді бұзуға бағытталған, қауіп тудырушы деструктивті діни ағымдар мен олардың жасырын жақтаушыларының болуымен сипаттауға болады.

Деструктивті діни ағымдар әдетте дәстүрлі дінге қарама-қайшы әрекеттер жасаумен сипатталады, өйткені деструктивті діни ағымдардың барлығы нақты діни теологиялық іліммен қамтамасыз етілмеген жасанды дүниетанымға негізделген. Әдетте, деструктивті ағымдар қоғамдағы рухани дағдарыс нәтижесінде, діни дәстүрлерді теңестіру процесінде пайда болады.

Бұл деструктивті діни ағымдардың сипаттамалары өте ұқсас, өйткені олардың барлығы бірдей критерийлерге негізделген: мемлекеттің зайырлы құрылымын жоққа шығару (заңдар, билік органдары, басқару құрылымдары), адамдарды шынайы сенушілер мен діннен шыққандарға бөлу, сондай-ақ діни араздықты қоздыру, діннің ғылыми түсіндірмелерін қабылдамау, белгілі бір мемлекетке немесе этносқа тән дәстүрлерді сақтаудан бас тарту, зайырлы мәдени іс-шараларға барудан, теледидар немесе желі арқылы ойын-сауық және ағартушылық мазмұнды көруден бас тарту, әйелдердің бостандықтарын шектеу, азаматтық міндеттерден бас тарту (білім алу, әскери қызмет), сондай-ақ кейбір медициналық қызметтерден бас тарту (қан құю, вакцинация).

Олардың құрылымдық ұйымдастырылуы, әсер ету әдістері және халық арасында, әсіресе жастар арасында қарқынды рухани даму деген желеумен өз қатарларына қосудағы ұмтылыстары да ұқсас. Олар адамның өмір сүріп отырған жалпы құндылықтар жүйесін бұрмалау арқылы жүзеге асырады, себебі осы құндылықтарын өзгерту арқылы өз құрықтарына түсіру жолдары әлде қайда жеңіл жүзеге асады.

Сенімдерінің ерекше сипатын растай отырып, олар психологиялық және эмоционалдық аспектілерге назар аудара отырып, үнемі жаңа әдістерді қолданады және көбінесе өз мақсаттарын жүзеге асыруда ерекше тәжірибелерді енгізіп, жұмыстарына тұрақты толықтырулар  енгізеді. Сонымен қатар, бұл тенденцияның айқын болғаны соншалық, соңғы бірнеше онжылдықта бұл ағымдардың барлығы дерлік үлкен өзгерістер мен сыртқы түрінің өзгеруіне ұшырады, ал мәні өзгеріссіз қалды.

Деструктивті діни ағымдар жеке тұлғаға әсер етудің әртүрлі әдістерін қолдана отырып, ізбасарларын елдің отбасынан, қоғамынан, мәдени және қоғамдық өмірінен алшақтатуға тырысады, олар тарихи дәстүрлерді, дәстүрлі діндердің тарихи заңдылығын мойындаудан бас тартып қана қоймай, өмір салты мен әдет-ғұрыптарды жоққа шығарады немесе елеусіз қалдырады, тіпті азаматтардың физикалық және психологиялық денсаулығына зиян келтіреді. Бұл мемлекеттік тәртіптің негіздерін бұзып, елдегі тыныштықты бұзуға әсер етуші күш болып табылады.

Деструктивті діни ағымдар өз мақсаттарына жету үшін жаңа адепттерге материалдық көмек көрсетеді, оларға шет тілдерін үйретеді, жұмыс табады, туыстары мен жақын отбасы мүшелеріне жұмыс табуға көмектеседі немесе уақытша баспанасы жоқ үйсіздерге немесе таныстарына баспана береді. Яғни, әдетте ағым өкілдері күрделі өмірлік жағдайларды пайдаланады.

Сонымен қатар, деструктивті ұйымдардың жақтаушылары көбінесе қайырымдылықпен айналысады. Бұл ұйымның адамдарға деген жақсы ниетін көрсету үшін жасалады. Көбінесе ауылдан келген жас жігіттер мен қыздар үлкен қалаға келіп, оларға қажет нәрсенің бәрін — тегін баспана, тамақ және білім беретін жаңа меценаттарды табады. Демек, радикалды ағымдардың белгілі бір мақсатты аудиториясы бар. Жоғарыда айтылғандай, жастарға басты назар аударылады, өйткені оларда әлі де жеткілікті күшті психика жоқ, қаржылық тұрғыдан және қоғамның пікіріне тәуелді.

Сонымен қатар, жаһандану процестерінде және біз ақпараттық технологиялар ғасырында өмір сүріп жатқанымызды ескере отырып, деструктивті ұйымдардың жақтаушылары интернет пен әлеуметтік медианы сәтті игеріп, өз мақсаттарын жүзеге асыруда белсенді әрекет етуде деп айтуға болады. Егер адамға интернет желісінен діни мазмұндағы жіберілген ақпаратқа тап болса сілтеме арқылы өтпей керісінше «шағымдану» түймесін басу қажет немесе егер сізге бейтаныс адам келіп, дін тақырыбында диалог бастаса, онда ең жақсы шешім бұл арадағы қарым-қатынасты тоқтатып, кету. Егер сіз дінді оқығыңыз келсе немесе дін тақырыбы бойынша сұрақтарыңыз болса, онда сіз әрқашан кәсіби мамандарға, яғни ресми діни қызметкерлерге жүгінуіңіз керек.

Қорытындылай келе, жоғарыда айтылғандай деструктивті діни ағымдардың алғашқы кезеңдерде жасаған жақсылықтарының артында үлкен мүдде жатқандығын, айтылған және жазылған әр сөзге сеніп қалмай, туралығын тексеру маңызды болуымен қатар, дін туралы ақпаратты тек ресми көздерден алу, дінтану, діни және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сыни ойлауды дамыту өте маңызды екенін түсінуіміз қажет.

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі
басқармасының жанындағы
«Кеңес беру және оңалту»
орталығының маманы
Қойшыбаев А.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *