ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын талқылау

0
670

2019 жылғы 30 сәуір күні «Ақмешіт» орталық мешітінің мәжіліс залында Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, теріс пиғылды діни ағымдардың іс-әрекетінен сақтандыру бағытында жұмыс жүргізетін жергілікті ақпараттық насихат топтары (ЖАНТ) мүшелері мен мешіт имамдары арасында жиын өтті.
Жиында дін саласы бойынша жергілікті ақпараттық насихаттық топ (ЖАНТ) мүшелері мен мешіт имамдары арасында қоғамдағы зайырлылық қағидаттарын арттыру және құзырлы мекемелер тарапынан белгіленген терроризмге қарсы комиссияның іс-қимыл алгоритмін іске асыру бойыншаоның маңыздылығын талқылау болып табылады.

Жиынға қатысушылар Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары Жанар Бектаева, Шымкент қаласы бойынша ҚМДБ өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев, Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерінің зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Асылбек Ноғаев, Мешіттің бас имамдары мен наиб имамдары және ЖАНТ мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде: Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын талқылау.
«Зайырлы қоғамдағы зияткер имамның рөлі» (слайд),  діни сауатсыздықты жою жөнінде пікір алмасу.


Аталған іс-шарада қала аумағындағы діни ахуалға байланысты  тұрғындарды теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, олардан зардап шеккендерге көмек көрсету, кереғар діни ағымын жақтаушы азаматтардың деңгейлерін дер кезінде талдап отыру және жұмыс жүргізу жүйесін оңтайландыру тұстары талқыланды.
Сондай-ақ, дін саласындағы мемлекеттік саясатының басымдықтары мен діни бірлестіктердегі үгіт-насихаттық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша пікір бөлісулер болып өтті.