БІР АДАМҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ АДАМЗАТТЫ ҚҰТҚАРУМЕН ТЕҢ

0
145

 Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
 

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Сіздерді медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала игі істеріңізге мол сауаптан жазғай!

Қасиетті Құранның «Мәида» сүресінің 32-аятында: «…Кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең деп жаздық…» делінген.

Медицина – жауабы мен сауабы мол сала. Қасиетті Құранда айтылғандай, бір адамның өмір сүруіне себепші болған пенденің ізгі амалы бүкіл адамды өлімнен құтқарумен тең…

Адамзатты қауіп-қатерден құтқарудың алғы шебінде ақ халатты абзал жандардың жүргенінде талас жоқ. Мол сауапқа кенелу оңай жолмен келмейтіні белгілі. Бүгінгі медицина қызметкерлері күні адам жанын сақтау сынды сауапты істе бар күш-жігерін сарп етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға тағы да айрықша алғысымды білдіремін. Алла Тағаладан өмірлеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Жаратқан Жаббар Иеміз ел игілігі мен халық денсаулығын сақтау жолындағы сауапты қызметтеріңіздің жақсылығын еселеп жазғай. Әмин!