Павлодар: Медресе түлектері емтихан тапсырды

0
398

Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің бітіруші түлектері мемлекеттік емтихан тапсырды.

Емтихан Құран, фиқһ, араб тілі пәндерінен алынды. Коммисия құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Серікбол Тілегенұлы (төраға), қалалық «Омар әл-Фаруқ» мешітінің имамы Есімбек Совет пен «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің арнайы пәндер ұстазы Нұрсұлтан Қуатұлы болды.

Аталмыш медресені табысты бітіріп, мемлекеттік емтихан тапсырған 6 түлектің  2-уі «Өте жақсы», 3-уі «Жақсы», 1-уі қанағаттанарлық үлгерім көрсетті. Биылғы бітіруші шәкірттердің 5-і Павлодар облысынан, 1-і Түркістан облысынан келіп білім алған шәкірттер.