НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ПАЛЕСТИНА МҮФТИІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

0
139

Меккеде өтіп жатқан халықаралық конференция аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Палестина мүфтиі Мұхаммад Ахмед Хусейн мырзамен дидарласты.

Сұхбат барысында екі ел арасында ынтымақтас орнату, рухани бағытта әріптестік қарым-қатынасты арттыру сөз болды. Сонымен қатар қос мүфти қазіргі мұсылман әлемінің ұстанған жолы мен бірлікке келу тақырыбында ой қозғады.

Кездесуде Наурызбай қажы Тағанұлы Палестина халқына амандық тілеп, бауырластықты арттыруға әркез дайын екенін жеткізді.