ХАЛАЛ ДАМУ: СЭС МАМАНДАРЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

0
137

Елордасы Астанадағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары «Халал Даму» қызметкерлеріне семинар өткізді. 

Семинар барысында азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты бекітілген нормативтерді сақтау, өндіріс және өнім қауіпсіздігін қадағалау, зиянды өнімдердің себебімен таралатын түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша ұсыныстар айтылды.

Семинарға арнайы қатысқан «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы осындай оқу-ағарту шаралары нәтижесінде мамандар тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттыратынын жеткізді.