ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен және Шымкент қаласы дін істері басқармасының қолдауымен 2023 жылдың 21 қыркүйек күні сағат 9-00-ден бастап Шымкент қаласы «Көрме орталығы» ғимаратында түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауидың ұстазы Арыстанбабқа арналған тұңғыш рет еліміз бойынша «Арыстан баб және Ихсан тағылымы» тақырыптағы Республикалық ғылыми-танымдық конференциясы өткізілді.

0
125

Аталған Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтиі, Дін істері басқармасы, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, имамдар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, жоғары және орта оқу орындарының студенттері, мектептердің мұғалімдері және басқа қонақтар қатысты.

Конференцияның мақсаты – ата-баба ұстанған Имам Ағзам Мазһабы,   Арыстан баб ғұмыры,  дұрыс сопылық  мектеп және дін мен дәстүрімізді  және киелі орындарға зиярат, отандық  туризмді насихаттау, жастарды деструктивті діни идеологиялардың ықпалынан сақтау, оның алдын-алу, т.б.тақырыптарын талқылау.

Кездесуді Шымкент қаласы дін істер басқармасының басшысы  — Тұяқбаев Әлжан Әлішерұлы ашып берді.  

          Конференция барысында Қазақстан Республикасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфтиі  — Наурызбай қажы Тағанұлы және бірқатар республикалық маңызы бар университеттерінің оқытушылары мен профессорлардың баяндамалары тыңдалды. (К. Досай, Ш. Керім, Т. Қыдыр, М. Паттев және т.б.)

Конференция соңында жұмыстың қорытындысы анықталып, ары-қарай насихаттау, түрлі деңгейдегі кездесулер өткізу, арнайы еңбектер әзірлеу жұмысында пайдалану тәртібі шешілді.