ШҚО: Садақ атудан сайыс өтті

0
130

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ ШҚО өкілдігі «Ұлттық ойындарды дамытайық» атты апталық жариялады.

Осы апталықтың шеңберінде Ұлан аудандық «Мұса баба» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында садақ ату сайысы өтті. Шара Өскемен қаласында жаңадан ашылған «KEREMET» садақ орталығында ұйымдастырылды. Сайысқа ұландық мешіт жамағаты қатысып, мергендіктен сынға түсті. Аса тартымды өткен спорттық шара туралы «Мұса баба» мешітінің бас имамы Зауатбек Сайлауұлы: «Мергендік және садақ ату ежелден келе жатқан қазақтың ұлттық спорты десек артық емес. Бұл шара салауатты өмір салтын сақтау, мешіт жамағатының ынтымағын арттыру, оларды басқаларға үлгі ету, асыл дініміздегі татулықты насихаттауға бағытталып отыр» деді.

Сайысқа қатысқан мергендер ортасынан озып шыққандар жүлделі орындарға ие болып, сыйлықтармен марапатталды.