Ақтөбе: Мешіт тазалықшысына ұмраға жолдама берілді

0
139

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 11 жылдан бері тазалықшы қызметін атқарып келе жатқан Роза Қошжановаға кіші қажылық жолдамасы берілді.

Облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы тазалықшыны қуанышымен құттықтап, ұмра сертификатын арнайы табыстады. Сауабы мол игі істе есімін жарияламауды сұраған кәсіпкер, мешіт жанашыры демеуші болды.

Айта кетейік, Роза Исмағұлқызы облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде 2012 жылдан бері қызмет етіп келеді. Алла қаласа 2024 жылы зейнет демалысына шығады.