Қазақ халқы 1270 жылдан бері Ислам дінін ұстанып, өзінің рухани тірегіне айналдырып келеді. Қарахан мемлекетінің негізін қалаған Сатұқ Боғра хан 955 жылы Ислам дінін қабылдап, діннің таралуына жағдай жасаса, 960 жылы Мұса қағанның кезінде Ислам мемлекеттік дін болып жарияланды. Сол кезден бастап Мәуереннахр аймағы ғылым мен мәдениеттің орталығына айналды.

Исламның келуі арқылы Орталық Азияда білім-ғылым қанат жайды. Мешіт-медреселер ашылып, білімнің таралуына жағдай жасалды. Медреселерде дін ғылымымен қатар филология, логика, математика, астрономия, медицина, философия секілді ғылым салалары оқытылды. Орталық Азиядан Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұн, Хусамуддин ас-Сығанақи секілді ғалымдар шықты. Сонымен қатар Бируни, Ибн Сина, Хорезми секілді ғұламалар шығып, өркениет тарихындағы өз орнын айшықтады. Олар Хақ дінге сүйене отырып, ғаламның тылсым құпиясын ашты. Олардың ашқан жаңалықтары мұсылман әлемін нұрландырып, сәулелендіре түсті.

Иә, Орталық Азиядағы түркі халықтары Ислам дінін қабылдау арқылы әлемдік өркениет пен ғылымға мол үлес қосты. Соның арқасында қазақ даласына Ислам өркениеті келді. Ұлы дала төрінде медреселер мен ғылым ошақтары бой көтеріп, ғылым, білім жаңғырды. Ислам қай жерге жетсе, сол жерді гүлдендірді. Белгілі тарихшы Лев Гумилев бұл жайында: «Ислам қоғамын қабылдағандар бұрынғы ескі әдетінен түбегейлі бас тартты. Алайда өзінің дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтады. Бұрын құл болғандар азаттық алды, себебі мұсылман тек Жаратушының ғана құлы бола алады. Азаттық алған әрбір мұсылман өзінің халқына қызмет етті. Ислам дінін көзінің қарашығындай сақтады. Олар отбасының ұйытқысы,
ғажап адамдарға айналды», – деп жазған болатын.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *