Мысыр Араб Республикасының Уақф министрлігіне қарасты Пәтуа орталығының ұйымдастыруымен  Каир қаласында «Жылдам дамып жатқан бүгінгі әлемде пәтуа беру және этикалық негізді қалау» атты IX халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.

Екі күнге созылған халықаралық іс-шараға әлемнің 100-ге жуық мемлекетінен мүфтилер мен қазилар, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен жиынға наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл қатысты.

Қазақстан делегациясы Мысыр елінің Уақф министрі Усама Азхариге ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау хатын табыстап, ыстық сәлемін жеткізді.

Жиында бүгінде жылдам өзгеріп, дамып жатқан жағдайда пәтуа беру мен оның этикалық негіздері жайында мәселелер талқыланды, сондай-ақ мұсылман және араб мемлекеттерінің пәтуа беру орталықтары арасында жақсы қарым-қатынастың маңыздылығы айтылды.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *