Деструктивті діни ағым көзқарасындағы азаматшаларды дәстүрлі құндылыққа бейімдеу жұмыстары

0
1921

Теріс идеологияның құрбанына айналған азаматшалармен жұмыс жүргізу күрделі  әрі нәзік саланың бірі. Теологтар дәстүрлі діннен адасып, кереғар діни ағымның құндылықтарын ұстанып жүрген азамат және азаматшалармен жұмыс жүргізеді.

Теологиялық оңалту барысында жүргізілетін шаралар зайырлы және қазақстандық дәстүрлі құндылықтарға бейімдеу қызметін атқарады.Зайырлы және қазақстандық дәстүрлі құндылықтарға бейімдеу сатысында мынадай тәсілдерге мән беріледі.

Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;

Мемелекет жайлы дұрыс сана қалыптастыру;

Толеранттылық — төзімділік көзқарасқалыптастыру;

Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарға бейімдеу.

Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруОтан деген ұғым мен адамгершілік құндылықтарды деструктивті діни көзқарастағы азаматшаныңсанасына сіңдіру, осы құндылықтарды шариғи негіздермен салыстырмалы дәлелдеу, кереғар діни ағымының ықпалына түскен азаматшаларды бірте-бірте эстремистік, радикалды, террористік идеологиясынан алшақтатуға мүмкіндік береді. Мемлекет болып қалыптасу Алла тағаланың қалауы, «Отанды-сүю иманнан», «Екі көз тозақ отынан күймейді: бірі-күнәсіна шын өкініп, тәубегекеліп жылаған көз; екіншісі-шекара күзеткен жауынгер» секілді хадистерді мысалға келтіру.

Мемлекет жайлы дұрыс сана қалыптастыру:бағытында жұмыс жүргізу зайырлы мемлекет барша азаматтардың діни сенім бостандығы, ар-ождан бостандығы мен құқықтарын қорғауға негізделген заңнамасын талдап түсіндіру аясында деструктивті діни көзқарастағы азаматшалар оқшаулану мен жікшілдік психологиядан арылтудың маңызды сатысы болып табылады. Құран Кәрімде Ниса сүресінің 59 аятында«араларыңнан шыққан басшыға бағыну», Әнфал сүресінің 25 аятында «бүліктен (фитна) аулақ бол», ислам үмбетінің бірлігін көздеу идеаларымен сәйкес келеді. Дәстүрлі исламдағы «Бүлік шығару- адам өлтіруден де жаман» деген хадисті дәлелге келтіру арқылы мемлекет басшысына бағынумәселелерін ислам тұрғысынан талдап-түсіндіругесептеседі.

Толеранттылық — төзімділік көзқарасқалыптастыру: деструктивті діни көзқарастағыазаматша үшін күрделі мәселе. Өздерінің діни сенімінен басқа  діндер мен сенімдерді қабылдамайтын, «ұлт» деген ұғымы қалыптаспаған деструктивті діни көзқарастағы азаматшалар бұл орайда пікір қайшылықтарына жиі ұшырайды. Дегенмен көп ұлттылық пен көп дінділікті исламдағы «Ұлт пен ұлыстар» Алланың жаратылысы», «Алланың тағдыры» «Алланың қалауы» категорияларымен ұғындыру, «Біз сендердібір-бірлеріңді тану үшін ұлттар мен ұлыстар етіп жараттық» (Хужурат, 13-аят), «Дінде зорлық жоқ» деген Құран аяттары (Бақара, 256), «Мұсылмандармен бір жерде тату-тәтті өмір сүріп жатқан өзге дін өкілдеріне зәбір көрсеткендерге жұмақтың иісі бұйырмайды» секілді хадистер осы бағыттарға шариғи тұрғыдағы идеологиялық негіз бола алады.

Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарға бейімдеу: деструктивті діни көзқарастағы азаматшаның бойында дін мен салт-дәстүр бірлігін негіздейтін ұстанымдарды қайта қалыптастыруға көбірек негізделеді. Деструктивті діни көзқарастағы азаматшаны ұлттық құндылықтарға қатысты қайшылықты пікірлері өз кезінде ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарғақатысты қалыптастырылғандықтан, оған жауап ретінде ислам діні мен қазақтың әр бір салт-дәстүрінің тарихи, танымдық, мәдени, дін мен салт-дәстүрдің сабақтастығы үйлесім табатыны дәлелді негіздер арқылы көптеген исламтанушы, дінтанушы ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген. 

Аталған шаралар барысында Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сі төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге мақсат етіледі:

— деструктивті діни көзқарастағы азаматша зайырлы мемлекет жайлы пайымдарын арттыру, құқықтық танымға негізделген оң көзқарасын қалыптастыру;

-дәстүрлі исламдағы отансүйгіштік, мемлекетшілдік, толеранттылық-идеаларын дәлелдермен зерделеп-түсіндіру;

— деструктивті діни көзқарастағы азаматшанықоғамдық тақырыптарға бейімдеу арқылы шектелушілік көзқарастардан арылта отырып, қоғамдық ортаға оң көзқарас қалыптастыру;

-жеке тұлға және дәстүрлі қоғам мүшесі ретіндегі құндылықтық бағдарлары мен ұстанымдарының қайта жаңғыруына күш салу;

-тұлғалық болмысын тереңірек тануына, жамағатшылдық сана тәуелділігінен арылуына ықпал ету;

-діннің рухани-өнегелік, адамгершілік құндылықтарын тереңірек таныта отырып, дәстүрлі діни көзқарасқа ойысуына ықпал ету.

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі,
дінтанушы Байманова Тыныштық