«Халифаттан» қашқан жесір

0
1645

Саяжан Тоқпаева Жезқазған қаласының тұрғыны. Ол Ғабиден деген жігітпен көшеде танысып, көп ұзамай некелеседі. Кейін ата-анасын ескертпестен жолдасының артынан Сирияға кеткен. Алғашқы күйеуі де, кейінгі жолдасы да соғыста мерт болыпты.

Жалпы практика жүзінде «ДАИШ» халықаралық террорлық ұйымына қосылған әйелдердің нақты портреті жоқ. Лаңкестердің қатарындағы қыз-келіншектердің көбі 16-30 жас аралығындағылар. Егер Еуропалықтардың білім алып, өмірлерін құруларына мүмкіндіктері болған болса, Орта Азиядан барғандардың көбінде диплом болмаған. Саяжан да мектептен кейін ЖОО түсіп, аяқтамапты. Өкініштісі, жалғыз қызының елге оралғанын әкесі көрмеді.