Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері «Ақмешітте» әйел жамағатымен кездесу өткізді

0
318

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Шымкент қаласының орталық мешіті «Ақмешітте» әйел жамағатымен «Қоғамдық келісімді нығайтудағы қазіргі қазақстандық діндар әйелдердің рөлі» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге исламтанушы, PhD доктор, «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің исламтану кафедрасының доценті Әділбаева Шамшат Амангелдіқызы, дінтанушы, «Қоғамдық процесстерді зерттеу және талдау орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Мустафина Толганай Вагизовна және ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторлығының жетекшісі, Шымкент қаласы орталық «Halifa bin Zeyd al-Nahatan Aqmeshiti» мешітінің ұстазы Досжанова Балжан Асылханқызы қатысты.