Сириядан оралған жігіт анасынан кешірім сұрап, ағыл-тегіл жылады

0
53

Azattyq Rýhy-на сұхбат беруге келіскен Еділ 22 жасында Қазақстаннан Мысырға оқуға аттанған. Сәләфизим ағымының жетегінде кеткен жігіт екі жылдан кейін Сирия аумағына өтеді. Ол жерде 5 жыл сордырлар қатарында соғысады. 9 ай Күрдістан абақтысында қамауда отырып шыққан. «Жусан» операциясы аясында былтыр елге оралған атыраулық жігіт 8 жылға Петропавл түрмесіне қамалды. Жалындаған жастықтың ең албырт кезеңі мен денсаулығын ланкестердің ылаңына сарп еткен жігіт өзегін өртеген өкінішімен бөліседі. Еділдің ендігі арманы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бағып-қаққан анасын бір көріп, өмірінің астан-кестеңін шығарған қателігі үшін кешірім сұрау. Ол өзін дүниеге әкелген жанның алдында айыбын өтей алмайтынын айтып, ағыл-тегіл жылады.