«Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты аймақтық имамдар форумы өтті

0
154

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (әрі қарай-ҚМДБ) Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҚОҒАМ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ» атты аймақтық имамдар форумы өтті.

Форумның мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бастамасына орай қоғамға рухани құндылықтарды насихаттау;
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған қазақ топырағынан шыққан әлемге танымал тұлғалардың еңбегін дәріптеу;
Мұсылман жамағатын білім алып, қоғамға пайдалы болуға, отансүйгіштікке, ізгілікке, бірлікке, мейірімділікке, еңбекқорлыққа, т.б. адамгершілік құндылықтарға үндеу.
Форумды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы жүргізіп отырды.

Аталған форумға ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаxанов, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысының бас имамдары, Қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселерін зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкерлері, өңіріміздің салалық бағыттағы лауазымды тұлғалары, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, дін қайраткерлері, тарихшы ғалымдар, ҚМДБ-ның Шымкент және Түркістан облысы бойынша имамдары қатысты.