Өмірдің жаңғырығы

0
2599

Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғанидың аяғы кішірек тасқа сүрініп кетіп: А-а-а-а! деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан А-а-а-а! деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап:
– Сен кімсің? — деп дауыстағанда, Ғаниға:
– Сен кімсің? — деген жауап келді.
– Ғани түкке түсінбей жынданып:
– Сен қорқақсың! — деп бақырды.
Таудан шыққан дауыс та:
– Сен қорқақсың! — деп жауап берді.
Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап:
– Әке, бұл кім өзі? — деп сұрады.
Әкесі:
– Ұлым, менің сөзіме құлақ сал, — деді де тауға қарап тұрып:
– Мен сені жақсы көремін! — деп айқайлады.
Таудан:
– Мен сені жақсы көремін! — деген жауап келді.
Әкесі тағы да айқайлап:
– Сен әдемісің! — деді.
Жауап:
– Сен әдемісің! — деді.
Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді:
– Мұның атын жаңғырық дейді. Жаңғырық адам баласына көптеген нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, істеген ісіңнің сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол.
Бұл – өмір зандылығы. Өмірде кездейсоқтық деген нәрсе жоқ. Соңдықтан өзің түзелмесең, өзгелерді түзей алмайсың.

Өмірдің үзік сырлары кітабінан
Файзулла Тайтелиев