Шымкент: Имамдарға сертификат табысталды (ФОТО)

0
1137

Шымкент қаласы орталық мешіті жанындағы «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің ғимаратында имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған «Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығында» бірқатар дін қызметкеріне сертификат табыс етілді.
Аталмыш орталықта 6 күн бойы «Құран Кәрім», «Ақида», «Хадис ілімі» және «Шариғат үкімдері» пәндерінен дәріс жүргізілді. 
«Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығының»жетекшісі әрі«Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің директоры Мұхамеджан Естеміров кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған  курстан өткен барлық имамға арнайы сертификат табыс етті.
Өз кезегінде курстан өткен дін қызметкерлері 6 күндік оқыту шарасын ұйымдастырған орталық жетекшілеріне алғысын білдірді.