Азан мен намаз арасы

0
2802

Жасы үлкен қариядан немересі:
– Ата! Бір адамның өмірі шамамен қанша уақыт? Қария күлімдеп:
– Азан мен намаз арасындағы уақыт, балам, — дегенде, немересі түсінбеген сыңай танытып:   
– Сонда қалай? Өмір осыншалықты қысқа ма не? — деп сұрайды. Атасы:
– Иә, балам! Өмір, намазсыз азан мен азансыз намаздың арасындай, — дейді. Немересі қайта таң қала сұрайды:   
– Намазсыз азан мен азансыз намаз деген сөзіңізді қалай түсінуге болады?  
– Ботақаным-ау, өткенде көршіміздің баласы туылды. Сәбидің құлағына азан айтылды есіңде ғой?
– Иә.  
– Сол азанның намазы оқылды ма?
– Жоқ.    
– Ол азан «намазсыз азан» болатын. Адам өлген кезде оқылатын намаздың (жаназа намазының), азаны болмайды. Ол «азансыз намаз». Ол намаздың азаны адам туылған кезде оқылған.

Өмірдің үзік сырлары еңбегінен
Файзулла Тайтелиев