Қоғам мен діндегі бала тәрбиесі-басты мақсат

0
2514

Бақытты жанұяның бір мүшесі — ол бала. Қоғам мен жанұяны жалғайтында — ол бала . Ата — ана болудың жуапкершілігі осы кезден бастау алады. Сол себепті жақсы менен жаманды әрекеттеріміз тікелей бала тәрбиесінеде ықпалы зор.

Бала тәрбиесі салғырттық танытуды қош көрмейтін , аса бір маңызды да күрделі іс.  « Ұрпақ тәрбиелі болса , сол ұлттың болашағы да жарқын болмақ » — дегендей , « Баланы жастан » — деп халқымыз , бала тәрбиесін әріден бастау керектігін де айтып кеткен .

Жалпы ұрпақ тәрбиесіне асыл дінімізбен қатар дана халқымыз қашан да бей — жай қарамаған . Асыл дінімізге үңіліп қарайтын болсақ , бала тәрбиесі туралы маңызы зор талғамдар мен пайдалы насихаттар жетерлік . Адамды адамдық қалыпқа келтіретін де аздырып тоздыратын да тәрбиелік мәнісі бар жұмыстар . Адамгершілік сезім үстем курган қоғамны тәрбиелейтін мектеп ол әрине –Отбасы.

Отбасы ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыратын мектеп . Бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай оның мұң — мұқтажын өтерлік , елін , жерін , халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды , кісінің алажібін аттамайтын иманды азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді . Бүгінгі ұрпақ — ол еліміздің болашағы . Біздің алға қойған мақсатымыз — қазіргі қоғам мұратына сай жан — жақты жарасымды тұлға өсіру.

Перзенттеріміз үнемі Алланың аятының астында ержетсе , көкіректері ояу , көздері нұрға толы мейірімді Алланың сүйікті пенделерінен болады . Бүгінгі ата — аналар асыл дініміздің құндылықтарын негізге алатын болса , болашақ жастардың бойына адамгершілік құндылықтарды қиналмай жеткізері анық .

 Пайғамбарымыздан біздерге жеткен мына бір хадисіне үңілер болсақ, екі жасар баласы бар бір әйел кісі , « балаға тәрбиені қай жастан бастап берсем болады » — деген сауалымен келеді . Сонда Пайғамбарымыздың жауабы « Сіз екі жылға кешіктіңіз » — деген екен . Себебі бала тәрбиесі ана жатырынан басталуы тиіс .

« Ел боламын десең бесігіңді түзе » деп , дана халқымыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген . Бала тәрбиесі — үлкен бір ғылым. Бала тәрбиесі – ауыр да үздіксіз еңбек екені бәріміз де мәлім.  

Асыл дінімізде ата — ананың перзенттерінің алдындағы перзенттерінің ата — аналары алдындағы міндеттері бар . Баланың жастайынан дұрыс тәлім — тәрбие алуына асыл дініміз ерекше мән берген . Сол себепті бүгінгі жас ұрпақ , ертеңгі елдің болашағы , яғни үкілеген үміті .

Шыр етіп дүниеге есігін ашқан сәттен бастап , ата — ананың алдында нәзік , қыр — сыры мол үлкен жауапкершілік тұрады , ол — бала тәрбиесі . Адамгершілік , бауырмашылдық, татулық , қайырымдылық, әдептілік , инабаттылық сынды асыл қасиеттер баланың бойына үлкендердің үлгісімен сіңеді . Ата — дәстүр , әдеп — ғұрып , салт — сананың санаға сіңген қағидаттары және ұрпақ келешегіне азық болады . Осы тұста айта кететін тағы бір жәйт , ол жастарымыздың асыл дінімізге деген көзқарасы . Қазіргі таңда халқымыз діни көзқарастарына қарай әртүрлі топтарға жіктеле бастады . Бұл кеселдің алын алып , әрекет етпесек , қателікке жол беруіміз мүмкін дегенге саяды . Өйткені кез — келген сырттан келген ағымның басты мақсаты – қазақ халқының рухани мұрасы мен мәдениетін күйретуге бағытталғанын аңғаруға болады . Дін рухани өміріміздің құбылысы іспеттес . Жалпы діни сананы , қауіптің түр түрінен қорғау мен оның алдын алудың жолдары көп жағдайда қазақы дүниетанымға , ұлы ойшылдардың ілімдері мен тәжірибелерінен сусындауға да келіп тірелетінін уақыт корсете бастады . Мәселен , нағыз асылдың жасық дүниемен алмастырылуы , діни әрі рухани ілім мен танымда қандай да бір адасулар мен ауытқулардың орын алуы , шын мен шатақ діннің аражігін айыру турасында Шәкәрімнің « Тура жолда қайғы тұрмас » деген өлеңінде былай суреттеледі :

 Таза ақылмен тараған дін ,
Шын дін емес — жындылық ,
Өлген ой мен коз , құлақ – делінсе , тағы бірде :
Таза діннің шын негізін ,
Үстаған бір пенде жоқ ,
Дүние толган көп шатақ дін ,
Борі бірдей шатпырақ , — дейді .
Ақиқатқа жүгінсек , балаға берілетін тәрбиенің ең бастысы ол- имандылық тәрбиесі екенін естен шығармауымыз керек . Сол себепті бабалар салған жолды жаңғыртып , ұрпақ санасына сіңдіре білсек , бүгінгі қазақтың руханияты үшін осыдан үлкен олжа болмас.

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі,
дінтанушы Бағжан Елтай