Деструктивті діни ағымды жақтаушылардың психологиялық типтерінің ерекшеліктері мен сипаттамасы

0
1077

​Дінді ұстану бұл – Жаратушының жалпы адам баласына міндеттеген тура жолы бағыты деп білеміз. Ал бірақ осы тура жолды бұрмалап өз мақсаттарына пайдаланушылардың іс-әрекеттері адамдарды адастырып бірнеше бағыттардың пайда болуына әкеп соқтыруда. Ал енді елімізде адасқан топтардық құрығына түскен бауырларымыз дінипсихологиялық әсерлердің арқасында өзгерістерге ұшырап психологиялық темперамент типтерінің қарсыластық, кері көзқарасытық қасиеттеріне басымдықтарын байқатады. Ал енді жалпы адамның темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасына тоқталып өтсек. 

​И.П. Павловтың, нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша 4 түрлі темперамент өкілдерісипатталады.

​Холерик темпераментінің өкілдері, нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тен, келмейтінадамдар көбінесе ұйтқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келді. Олар- ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. ​

​Сангвиник темпераментінің өкілі, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қаблетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл табыса біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ—көңіл, қызу істің адамы. Оның осал өнері -іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын қасиеттер.

​Флегматик — темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген сезімінбілдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шақпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері -қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оң тайлықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.

​Меланхолик — темпераментінің адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераментте адам өзге адамдармен онша көп жүғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз
ойына шомуға бейім тұрушылық орынсыз ибалылық — осы темпераменттің ең бір нашар жағы. Табиғи жағдайда темпераменттердің “таза” түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін. Дегенмен ұзақ уақыт бойында жүргізілген зерттеулер бізге адамдар арасынан темпераментердің “таза” түрлерін тауып ашуға мүмкіндік береді. 

​Діннен адасушы бағыттағы адамдардың басым типтері төмендегідей байқалады.

1. Сангвиник темпераменті басым адамның ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-
қымтырылмайды, оптимист, өмір сүргіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Сондықтан да осы сангвиник типіндегі адамдарөмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады. Осы типтің адамдарын оңалту сен түзету жұмыстары оңай әрі жеңілдеу болады.

2. Флегматик темпераменті басым адамның ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі адам сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Ұзақ ойланатын, бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын адам. Сондықтан бұл типтегі адамдармен бір шама уақыт оңалту түзету жұмыстарын жүгізіп, ойын, санасын өзгерту тәсілдері арқылы тәрбиелеуге болады.

3. Холерик темпераменті басым адамның ерекшеліктері. Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейғам, ашуланшақ адам. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады. Бұл типтегі адамдармен байыппен, сабырлықпен байланысып, көңілін аулау әдістерімен келісімге келу арқылы оңалту шараларын жүргізу керек, әйтпесе шарт-пұрт мінезімен ашушаңдыққа бой алдыруы мүмкін.

4. Меланхолик темпераменті басым адамның ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді. Енді бұл адамдарменде ұзақ уақыттық жұмыспен, келісіммен жұмыстар жасап барып, тәрбиелеуге болады. Бойындағы қыңыр-қисықтық, өкпелегіштік мінезімен қарым-қатынас орнату қиындық тудыруы мүмкін. Осы орайда  діни адасушы ағымдардың өкілдерінде көптеп кездесетін белсенді, тік мінезді, агрессиялық сезімталтығы жоғары, сіркесі су көтермейтін адамдардың типтері басым кездесіп жатады. Ол адамдармен жұмыс жүргізуде, бағытынан қайтарып тәрбиелеуде оңай шаруа емес. Алайда нәтижелі ұзақ мерзімді түзету жұмыстары арқылы қалыпқа келтіруге болады.

​Қорыта айтқанда, өңірімізде деструктивті ағымды жақтаушылардың басым бөлігінде меланхолик типіндегі адамдардың басымдығы байқалады. Өйткені өткезілген кездесулербарысында писимист, сөзге сараң, елдегі діни заңдылықтармен тәртіптерге бағынғысы келмей ренжігіштік қасиеттері басым, агрессияға бейім адамдардың басымдығы байқалады.Темперементтерді тәрбиелеуде адамның ерік – жігерін, мінез бітістерін, сезім эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастыра жүргізілген дұрыс. Адамның өзін — өзі ұстай алу қабілетінің дамуы мінез-құлық тәрбиесіне жақсы жәрдем береді.

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ психолог маманы А. Алдиев