ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРБАНДЫҚТЫ ОНЛАЙН ШАЛАДЫ

0
988

Ертең күллі мұсылман жұртының қасиетті Құрбан айты. Бұл күні құрбандық шалынып, дұға бағыштаймыз.
Қасиетті Құрбан айт — адамдарды ізгілік пен мейірімділікке бастайтын мерекелердің бірі.
Биылғы айт бұрынғы айттардан өзгеше болып тұр. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты мешіттерде құран оқытылмайды және құрбандық шалу Qurban2020.kz сайтында онлайн режимінде жүзеге асырылмақ.
Қазақстан мұсылмандар басқармасы әлемде орын алған жағдайды ескере отырып, карантин режимін сақтау мақсатында құрбандықты онлайн шалуға кеңес береді.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қасиетті құрбандық шалу рәсімін ертең онлайн режимде өткізгелі отыр.
Құрметті қала тұрғындары, Құрбан айттарыңыз құтты болсын!
Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!