Маңғыстау облысында деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды — ҰҚК

0
1280

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзен қаласында деструктивті діни ағым өкілдерін ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2020 жылғы 7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының деструктивті діни ағымды ұстанушы 2 тұрғынын ұстады.

Тінту барысында заттай дәлелдемелер, оның ішінде екі автомат, үш пистолет, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып алынды», — делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

9 тамызда сот күдікті адамдарды қамауды санкциялады.

Тергеу фигуранттардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысын тексеріп, істің өзге де мән-жайларын анықталып жатыр.