Дін-ғылымның анасы

0
1974

Бүкіл ғылым атаулы діннен шығатынын, діннен қуат алатынын, дін арқылы өсіп­-өркендеп жетілетінін білген ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Дін–ғылымның анасы» деп жырлаған.

Жер бетіндегі барша ғылыми техникалық жетістіктердің бастауында дін тұрғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Өйткені ең алғашқы білімді Алла тағала Адама тамызға үйреткен. Қасиетті Құран кәрімде: «Алла      Адамға ( а.с. ) бүкіл атауларды үйретті» деген аят бар «Бақара» сүресі,     31-аят. Аят жалғасында Жаратушы иеміздің Адам атамызға періштелердің білмеген нәрселерін үйреткені айтылады. Тәпсiршiлер мұндағы «бүкіл атаулар» дегенді барша материалдық заттар, өсімдіктер, жан-жануарлар, табиғи құбылыстар, қысқасы, дүниені құрап тұрған барша нәрселер деп түсіндіреді. Ендеше, Адам атамыз солардың бәрін білетін ғалым болған. Одан соң бұрынғы барша пайғамбарлар да өз қауымдарына қажеттіліктеріне қарай әр нәрсенің мәнін түсіндіріп отырды. Ардақты Мұхаммед пайғамбарымызға  (с.ғ.с.) дейін сол пайғамбарлар керуені жалғасып келді. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қияметке дейінгі сұрақтардың бәріне қысқа да нұсқа, дәл жауап беріп кетті.

Өзі дүниеден озған соң артына мұра етіп білім қалдырғанын «Ғалымдар-пайғамбарлардың мирасқорлары» немесе «Пайғамбарлар артына дүние емес, ғылым қалдырады» деген хадистерінде білдірді. Ендеше, бұл мұра- титтей де жалған сөз араласпаған нағыз ақиқат. Ол мұраның негізгі бір сыры сол, онда айтылғандар Алланы, барша ғаламды және адамды тануға негізделді.

Әлемнің жаратылысындағы заңдылықтарды, ондағы үйлесімді жүйені жақсы меңгерген адам кез келген пәнді тез игерері сөзсіз. Бүгінгі жаңа ғасырдың ғылыми-технологиялық жетістіктері осы заңдылықтарды дұрыс бағамдаудан туған.

Қасиетті Құран аяттарының астарында әрбір жаңа дәуірге тән ең соңғы жаңалықтардың сырлары жатыр. Алла тағала бұл туралы мынадай аят түсірген: «Ашылмаған ғайыптың сырлары Аллаға мәлім. Оны Алланың өзі ғана біледі. Құрлық пен теңіздегі нәрселердің бәрін Алла біледі. Бір жапырақ үзіліп түссе де, Алла оны біледі. Жер қойнында көміліп қалған бір түйір дән де, қураған немесе жас өсімдік болсын, барлығы да ап-анық Кітапта жазулы» «Әнғам» сүресі, 59 аят. Демек, нағыз ғылымды Құраннан іздеген жөн. Бүгінгі адамға пайдалы ғылымның бәрі Құраннан тарайды. Мұқағалидың  дінді ғылым анасына балауының бір сыры осында.

Ғылымнан үміті бар жандар әрбір нәрсені өз жаратылыс мақсаты байланы стыра зерттеуі тиіс. Сонда тірі ағзалар жаратылысын игерген жан биолог болмай қоймайды. Теңіз жаратылысына қызыққан адам ихтиолог, аспан әлемінің үйлесімін зерттеуші астроном бола бастайды. Сол сияқты бұл дүниедегі әрбір заттың мәніне үңілген сайын жаңа ғылым тармақтары шыға береді. Соның бәрінің кілті мұсылмандар күнделікті құлшылық үшін оқитын қасиетті Құран кәрімде.

Бүкіл жаратылыстың мәнін діннен өзге ештеңе  ашып бере алмайды. Математиканың да, физиканың да, химияның да, әлеуметтанудың да тереңдеген сайын ақиқатпен ұштасып, дінмен біте қайнасып кететінін ойлы жандар тез ұғады. Физика мен химия секілді жаратылыс ғылымдары бірте-бірте түбі бір Жаратушының бары хақ деген тұжырымға келе жатса, әлеуметтану мен тарих сынды гуманитарлық ғылымдар қоғамды Құран қағидасынан артық ештеңе де түзете алмайды деген тоқтамға келері анық. Ал бұл заңдылықтарды әуел бастан білетін мұсылмандар Құранның нұрлы баянда ры арқылы адамзатқа пайдалы көптеген Ғылыми жаңалықтарды ашты. Сол көне классикалық еңбектердің бәріне ортақ нәрсе–барлығының да негізгі қайнар көзі Құран мен хадис болуында. Сондай-ақ өзге діннің өкілдері болса да, өз саласының білгірі атанған Гетенің, Капитан Шопенгауердің, кешегі Кустоның Құран жайлы, Ислам жайлы мақтау сөз айтуы бекер емес.

Бүгіннің өзінде бүкіл өмірін арнап жүріп ашқан жаңалығының тобықтай түйінін қасиетті Құраннан оқыған батыс ғалымдары Исламды қабылдап жатқанын білеміз. Мысалы, анатомия мен эмбриология саласының белгілі ғалымы, Канаданың Торонто университетінің профессоры Кейц Моур, Америкалық теңіз зерттеушісі, профессор Виллиам Хай, Оксфорд университетінің физика зерттеушісі, профессор Роберт Матхиюс, дүниежүзіне танымал геологтардың бірі, профессор Альфред Кронер, Герма ния федералдық физика институтының директоры, профессор Вернер Гитт, Арегон штаты университетінің химия профессоры Доктор Дональд Читтик, Беркли университетінің молекула зерттеушісі, профессор Джонатан Уеллс секілді Батыстық ғалымдар Аллаға басиіп, оразасын ұстап, құлшылығын өтеп жүргені мәлім. Ендеше, бүкіл  ғылым атаулының анасы да, атасы да,      баласы да–дін.

Даналық ойдан дән ізде кітабынан
Асылбек Ноғаев