Е. Нүкежанов зайырлылық тақырыбында семинар өткізді

0
1297

Бүгін, 15 қазанда, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановтың төрағалық етуімен жергілікті атқарушы органдар мен дін саласындағы мекемелердің басшыларына арналған «Зайырлылық қағидаттарын қамтамасыз ету» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өтті.

Төраға өзінің кіріспе сөзінде, елімізде дінаралық бейбітшілік пен келісімді қалыптастыру және қолдау жөніндегі белсенді мемлекеттік саясатпен ерекшеленетін зайырлы мемлекеттің бірегей моделі қалыптастырылғанын атап өтті.

Семинарда «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ Әдістемелік жұмыс департаментінің директоры Дианна Есенова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті аймақтану кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы, профессор Айгерім Оспанова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Тышхан Кеңшілік баяндама жасады.

Іс-шараға дін істері комитетінің, дін істері басқармаларының және дін проблемаларын зерттеу жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Спикерлер қазақстандық зайырлылық моделінің ерекшеліктерін және оның елдегі конфессияаралық келісімді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттің зайырлы саясатын іске асыру бөлігінде жергілікті атқарушы органдар мен дін саласындағы мекемелердің қызметіндегі негізгі проблемалық мәселелер қозғалды.

Семинар барысында сындарлы пікір алмасып, нәтижесінде кездесуге қатысушыларға нақты ұсынымдар берілді.