Дінді дәстүрден бөлу-бірлікті бұзу

0
479

Ұлттың руханиятынан сусындай алмаған, отбасында рухани тәрбиеден жырақ қалған қазіргі өтпелі, өлара шақтың кейбір замандастары діндарлану мен радикалдануды ажырата алмауда.

Бастапқы ниеті дұрыс болғанымен, нәтижесі мен құндылық көзі қате болғандықтан тез адасып ата-анасына, еліне қарсы ұстанымдарға еріп жатыр. Сондықтан деструктивті діни идеологияға төтеп берер ұлттық иммунитетті күшейту керек.